Ақтөбедегі тергеу изоляторы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюповтың төрағалығымен, Департаментке қарасты №70 мекемесінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңес отырысына №70 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Аман Құлмұхамбетов, мекеме бастығының орынбасарлары және жеке құрам қатысты.

Кеңесте мекеменің жедел-қызметтік жағдайы және барлық бөлімнің сұрақтары қаралып, баяндалды. Осы жылдың 6 айында жеке құраммен мекеменің қызметін жетілдіруге бағытталған жедел жағдайды тұрақтандыру, қылмыстарды болдырмау, алдын алу, қылмысқа қарсы күресті нығайту және тәртіпті күшейту бойынша ҚР Конституциясы, қолданыстағы заңдар мен кодекстер, ҚР Президенті мен Үкіметінің және ҚР ІІМ бұйрықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде бірқатар жұмыстар атқарылғаны айтылды.

Жедел кеңесте Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, қызметке жаңа қосылған жас офицерлерге бағыт-бағдар беру, жеке құрамның этикалық нормалары мен автокөліктерінің жеке құжаттарының дұрыс болуы және режим мен күзет жұмысының маңыздылығы, мекеменің қысқы кезеңге дайындығы секілді бірқатар мәселелерге тоқталып, бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Айта кету керек, бұған дейін ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюповтің төрағалығымен жұмыстардың нәтижесі бойынша департаментке бағынысты №8 және №9 мекемелерде жедел кеңес өткен болатын.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы Руслан Уразбаевтың төрағалығымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жедел кеңес өтіп, жеке құрамның жұмысы бойынша алдағы күндерге нақты тапсырмалар берілді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...