Ақтөбедегі тергеу изоляторының қызметкерлері Наурызды ерекше тойлады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесінің жеке құрамы Наурызды ерекше тойлады.

Бұл күні мекеме аумағы думанға бөленді. Мекеме ауласына арнайы киіз үй тігіліп, қазақтың салтына сәйкес қазанға ет асылып, «Наурыз көже» әзірленді. Келген қонақтар мен мекеме қызметкерлеріне шұбат пен қымыздан ұсынылды. Қазақтың ұлттық тағамдары киіз үйге әзірленген дастарханның сәнін келтірді.

Мерекелік шарада сөз алған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов келген қонақтар мен мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жақсылықтар тіледі. Сонымен қатар, іс- шараға қатысқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Нұрбек Кабдикаримов, №9 мекемесінің бастығы Абылайхан Құсайынов, ҚАЖ саласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов және сала ардагерлері мен әріптестік қарым- қатынастағы кеш қонақтары да жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сахнада ән айтылып, би биленді. Күй күмбірлеп, терме төгілді.Аяғын жаңа басып жүрген сәбидің тұсауы кесілді. Мекеме қызметкерлерінің балалары өнерлерін паш етті. Ұлыстың ұлы күніне орай, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Мекеме бастығының бұйрығымен бірқатар мекеме қызметкерлері Грамоталармен марапатталды.

Мереке соңы гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес секілді қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Ойында жеңіске жеткендер грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотолар автордыкі

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...