Ақтөбедегі тергеу изоляторының жеке құрамына заң бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес отырысы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің жеке құрамына заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жедел кеңес отырысы өтті.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюповтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінен келіп түскен заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы қаралды. Сонымен қатар, жеке құрамға қолданыстағы құқық қорғау қызметі туралы Заңы, мемлекеттік қызмет, «Ар намыс» кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кеңес отырысын қорытындылаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, мекеме қызметкерлеріне заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото автордыкі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...