Ақтаулық үздік спортшылар марапатталды

Ақтауда спорт саласының саңлақтары «Жас батыр үздігі — 2023» номинациясына ие болды.
Салтанатты шарада спорт мектебінің 6 үздік бапкері мен еліміздің абыройын әлемге асқақтатып жүрген үздік 7 спортшыға арнайы алғыс хат, ескерткіш сыйлықтар табысталды.
«Көк байрағымызды әлемдік аренада желбіретіп жүрген барша «Жас батыр» мектебінің спортшыларын жемісті жетістіктерімен құттықтаймын. Бұл жетістікке жету жолында сіздерге қолдау көрсетіп келе жатқан жаттықтырушылар мен ата-аналардың еңбегі зор деп есептеймін. Өңіріміздің, еліміздің дамуына қосқан үлестеріңізге алғысымды білдіремін!, — деді қала әкімінің орынбасары Нұртас Сали.


Бүгінде «Жас батыр» мектебінде 7 спорт түрі бойынша 1200-ден астам спортшы жаттығады. Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов спорт мектебі қол жеткізген биылғы жетістіктерге айрықша тоқталды.
«Бес жыл бойы «Жас батыр» спорт мектебі жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Облыс бойынша 5 рет, республика бойынша 4 рет үздік спорт мектебі атандық. 9 жыл ішінде мектебімізден 8 әлем чемпионы шықты. Бүгінгі шара мектебімізді алға жетелеп келе жатқан үздіктерді марапаттауға арналды. Оң үрдіс лайықты жалғасын табады деген ойдамыз», — дейді Манарбек Бисекенов.
Атап айтқанда, «Үздік жаттықтырушы — 2023» номинациясымен дзюдодан Нұрлыбай Серғазиев, жекпе-жек сайысынан Абасгулу Дунямалиев, спорттық гимнастикадан Сайлау Рахов, көркем Анастасия Алексеева марапатталса, «Үздік бапкер-2023» номинациясына самбодан Бағлан Ибрагим, таеквондодан Самат Жантілеуов ие болды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «АЛҒЫС» медалі тағылды.
Жаңа жыл қарсаңында айтулы спорт мектебі көп балалы және тұрмысы төмен отбасына түрлі сыйлықтар тарту етті.

Жазира Қуанышбекқызы

«Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында республика көлемінде «Пробация» республикалық...

Почему люди верят фейкам?

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ПРЕВРАТИЛИСЬ ИЗ ПЛОЩАДОК ДЛЯ...

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...

 В «серой» зоне 

НОВОСТЬ ОБ ОЧЕРЕДНОЙ БЛОКИРОВКЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСА И ЗАКРЫТИИ САЙТА «КЫЗДАР....