12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақпаратты заманауи тәсілмен беру ерекшеліктері

Қызылорда облыстық сотында ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Сот ақпаратын ілгерілетудің заманауи практикалық құралдары. Соттың баспасөз қызметінің тиімді жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында семинар сабағы өтті.

Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Маликова Шолпан Маратқызының төрағалығымен өткен  оқу шарасына аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, баспасөзге жауапты мамандары қатысты.

Ш.Маликова семинарды ашып, қазіргі заманда ақпараттың маңыздылығы жоғары екенін, сонымен қатар оны көпшілікке беру жолдарының әр қилы екенін айта келе өткізіліп отырған семинардың ерекшелігіне тоқталып, дәріс берушілермен таныстырды.

Күн тәртібіне сай бірінші болып ҚР Президенті жанындағы МБА Қызылорда облысы  филиалының аға оқытушысы Нурова Гүлсара Жеткергенқызы «Әлеуметтік желідегі мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында Г.Нурова әлеуметтік желінің дамыған замамында ақпараттың сапалылығына, ұсыну форматына, ақпаратпен жұмыс жасаудың ерекшелігіне тоқталды. Сонымен қатар оқытушы әлеуметтік желідегі кез келген ақпаратты басшылыққа алмастан бұрын оның жалған немесе шын екеніне көз жеткізу керектігін, өзіне қатысты әлеуметтік желіде пост жарияланған уақытта қандай ережелерді сақтау қажет екенін атап өтті.

Келесі болып ҚР Президенті жанындағы МБА Қызылорда облысы  филиалының аға оқытушысы Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Шешендік өнер: дағдыдан шеберлікке дейін» тақырыбында дәріс беріп, қандай салада болмасын модератордың немесе баяндамашының көпшілік алдында сөз сөйлеудің өзіндік ережелерін сақтауы мен  аудиторияны алғашқы минуттан-ақ өзіне қаратудың маңызды екенін айта келе, көпшілік алдында шебер сөйлеуге дағдыланудың жолдарымен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар оқытушыларға тақырып аясында өздерінің сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Оқу шарасын қорытындылаған Ш.Маликова дәріс берген оқытушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осы тектес тақырыпта семинар сабақтары ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...