Республика аумағында Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Погонды журналист» жобасы өтіп жатыр. Бала кезімізде тәртіп сақшыларын тек көшеден қарап немесе теледидарлардан көріп өстік. Өзім шағын кенді қаланың, елдімекенінде қарапайым отбасында өсітім, бала кезде көрші апалардың балаларына «тентек болсаң милиция шақырып, беріп жіберем» деген сөздерін жиі естуші едім. Содан полиция қызметкеріне қорқынышты жүзбен қарайтынмын.
Есейе келе, мектеп бітіріп, Алматы қаласына барып ЖОО-на түсіп арман қуып журналист мамандығын таңдадым. Журналист деген жан-жақты мамандықтың бірі. Журналистика әлеміне еніп, әртүрлі басылымда қызмет атқардым. 2013 жылы отбасылық жағдаймен Астанаға көштім. Балалық кездегі «қорқынышты милиция» қызметкерлерімен жұмыс жасаймын деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Астанаға көшіп барғанда ІІО Медиа орталығының «Полиция.kz» журналына журналист болып жұмысқа орналастым. Осы кезден бастап қорқынышты полиция қызметкерлері жайында жазып келемін. Жуырда Ішкі істер минситрлігінің нұсқауымен «Погонды журналист» жобасы басталғаны жайында және осы жобаға қатысуға Түркістан облыстық Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мамандары ұсыныс білдірді. Он жылдан бері полиция қызметкерлерінің қиындығы мол қызметтері жайында жазып келемін. Бірақ, полиция формасын киіп, жұлдыз таққан арудың рөлін сомдап көрмедім. Басында жоба қызық болып көрінді. Погон тағып, журналист боламын ба дедім. Полицияның формасын киіп, иыққа ай күмбезді жұлдызы бар погонды таққан сәтте, сол погонмен бірге үлкен жауапкершілікті бірге арқалағандай болдым. Жауапкершілігі мол полиция қызметкерінің бір күндігін «погонды журналист» болып, тәртіп сақшыларының көпшілік білмейтін қиын да, күрделі жұмысын көрсеткім келді.
Жоба шеңберінде БАҚ өкілдері погон тағып, полиция қызметкерінің бір күндік жұмысымен жақынырақ таныса алады. Мүмкіндікті қалт жібермей мен де – Ақпараттандыру және байланыс тобының полиция қызметкері болып көрдім. Себебі, «Погонды журналист» жобасына қатысқан әріптестерімнің басым бөлігі учаскелік полиция, тергеуші, криминалдық полиция және тағы басқа да қызметтер жайында жазыпты. Ал мен өз кезегімде полиция қызметінің жұмысын бөлімшеде отырып жасайтын қызмет иесінің жұмысының қыр сырымен танысып және де оқырманға осы сала мамандарының еңбегін көрсетуді шештім. Күнделікті өмірде кез келген адам айналасындағылардың заңға қайшы әрекеттерімен кездесетіні хақ. Ал полицейлер қоғам тыныштығын сақтауда көмекке бірінші келетіндердің қатарынан.
Жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 08:30-дан басталады. Ақпараттандыру және байланыс тобының полицейлер басшылардан тапсырма алып, жұмысқа кірісті. Бұл Кентау қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасындағы әрбір сақшы үшін күнделікті рәсім. Кейін әркім өзіне жауапты қызметіне барады. Күнделікті күйбең тіршілік барысында олардың осынау жанкешті еңбектері көзге іліге де бермейтіні де белгілі. Кентау қалалық полиция бөлімі ақпараттандыру және байланыс тобының технигі полиция кіші сержанты Сара Ашурова екеуміз осы бөлімде бір күнде жасалатын жұмыстарды жасадық.
Аталған бөлімнің қызметі «Есептегі элемент» есебенің әртүрлі санаттағы тұлғаларды дер кезінде есепке қою және оны шығару, есептегі тұлғаның қай жерде екенін белгілейтін ақпараттың бұрмалануына, бастапқы есепке алудың электрондық құжаттарын дұрыс енгізу және есептен алу тұрғысына және «Іздестіру» есебінің «қылмысты қылмыскер», «із-түссіз жоғалған», «белгісіз мәйіт», «алимент төлеуші», «мемлекеттік борышкер», «туысымен байланысын үзген тұлға» ретінде республикалық базаға тіркеп, олардың уақыты келгенде базадан шығарып отырады. Учаскелік полиция қызметкерлері, тергеушілер және жедел іздестіру тобының мамандары келіп республикалық базаға әртүрлі жағдайдағы адамдарды тіркетіп отырады.
Республикалық базаға тіркелгендерді уақтылы тіркеуді қалыптастыру жұмыстарына тексеру жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілу мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. ҚР ІІМ-нің «Біріктірілген деректер банкін қалыптасыту және пайдалану жөніндегі алгоритмін бекіту туралы» 2022 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығының талаптарына сәйкес «Іздестіру» есебінің әртүрлі санаттарында жыл басынан бері 49 адам есепке алынған екен. Оларды атап өтер болсақ; 3 адам хабар ошарсыз жоғалған, 3 адам мемлекеттік борышкер, 2 адам есептен алынды. Ал алимент төлеуші ретінде 15 адам тіркелген, оның 6-ы есептен алынды. Екі адам қылмысты қылмескер бойынша тіркеліп, бір адам есептен шығарылған. Туысымен байланысын үзген бір адам есепке алынған. Сигналдық есептің негізгі күтікті санатына 21 адам тіркелген, оның ішінде 12 адам есептен шығарылған. Куәгер санатына 4 адам қойылған. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз жоғалған 5 адам, оның ішінде 2 адам қылмыстық іздестіру ісіне аударылған. Ал, белгісіз мәйіт бойынша 1 адам тіркелген. Сондай-ақ, мемлекеттік борышкер ретінде 5 адам, қылмысты қылыскер 3 адам тіркелген. Одан бөлек БДБ-ның сигналдық есебінің негізгі күдікті санатына 11 адам, ал куәгер ретінде 4 адам есепке алынған. Есептегі элемент есебінде 542 адам есепте тұр. Оның УПИ саласымен 356 адам атап айтар болсақ маскүнем – 223, нашақор – 8, мерзімінен бұрын босатылған – 22, әкімшілік қадағалауға формальді түсетіндер – 18, бұрын сотталғандар – 26, қорғау нұсқама – 12 және ерекше талап 35 адам тіркелген. Ал, ЮТП саласымен 67 адам есепке алынған, оның өз міндеттерін орындамаған ата-ана – 28 және 39 кәмлетке толмағандар тіркелген.
Сонымен қатар, Пробация қызметімен 67 адам есепке алынған, мерзімінен бұрын босатылған 73 бабымен бір адам, шартты түрде сотталғандар саны 59, бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар 6, түзеу жұмысы бойынша екі адам тіркелген. Сондай-ақ, криминалды полиция саласымен 62 адам есепте тұр.
Техниг маманы Сара екеуміздің тексеруіміз бойынша жыл басынан бері 287 адам есепке қойылыпты, ал есепте 240 адам қалыпты. Сараның көмегімен полиция қызметін атқарған бір күнімде 7 азаматты Республикалық базаға тіркедім. Әрине, оларды базаға тіркеу де оңай шаруа емес екен. Себебі, тіркеуге алынған адамның жеке басын растайтын құжатынан немесе базаға қою тәртібін дұрыс таңдамаған жағдайда, база қабылдамайды екен. Сондықтан да компьютердің алдында отырып әрбір адамның құжатын тексеріп оны базаға тіркеу инемен құдық қазтын жұмыстың бірі. Сонымен қатар, Сара маған іздестіру, қорғау нұсқама және ерекше талап бойынша тіркелген адамдарды есепке қоюдың айырмашылығын түндіріп берді.
Сара екеуміз әңгімелесу барысында ол өзінің осы салаға қалай келгені жайында сыр шертті.
- Бала кезімнен тәртіп сақшыларының формасына қатты қызығатынмын. Қыз бала үшін жауапкершілік жүгі ауыр сала екенін әу бастан түсіндім. Бірақ, сол қиындығына қарамастан өзімнің арманымының шындыққа айналуы үшін осы уақытқа дейін бар күш-жігерімді жұмсаудан аянбай келемін, — дейді Сара Ашурова.
Погонды журналист жобасы аясында көп нәрсені түсіндім. Қазақ елі үшін тәуелсіздікке жету қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстау да соншалықты баянды екені анық. Егемендіктің арқасында еңсеміз биік болып жүрсін десек, ең бірінші тыныштық пен татулықты сақтауымыз қажет. Ал сол тыныштықты сақтайтын сақтық саласының сарбаздары полиция қызметкерлері. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті қадағалауда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Полиця қызметері болу үшін білім, біліктілік, білек және сабыр, төзім мен қажыр-қайрат керек. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге керекті басты қасиеттер екенін ұғындым.
Полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс жасаған сегіз сағат ішінде тәртіп сақшыларына деген көзқарасым түбегейлі өзгерді десем де болады. Бұрындары сыртынан тон пішіп, полиция десе қатігез адамдар деген ой келетін. Алайда, тәртіп сақшыларының ортасында, олардың жұмыс тіршілігін көрген кезде ғана қатігез, «қорқынышты милицияның» жоқ екенін білуге болады. Қоғамның тәртібі, тыныштығы үшін түн ұйқысы төрт бөлінсе де, ант берген адал қызметті абыроймен орындау олар үшін бірінші кезекте. Бір күндік полиция қызметкері болу мен үшін әсте қиын болды. Әдемі форма мен жұлдызды погонның жүгі өте ауыр екен. Жауапкершілігі жоғары бұл қызметке антына адал, өз міндетін абыроймен атқарып, еңбек ете білген тәртіп сақшылары әбден лайықты. Бүгінгі бейбіт күннің қаһармандары – тәртіп сақшылары екені анық.
Раушан ПЕРНЕХАНҚЫЗЫ
Түркістан облысы