Абай облысы бойынша Аягөз аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 100 ге жуық сотталғандардың жаза өтеу тәртібін қадағалай отыра, оның ішінен 10 ға жуық сотталғанның жаза өтеу тәртібін бұзғандығы анықталған.
Нәтижесінде, оларға қатысты ескерту жарияланды. Сондай ақ, жаза өтеу тәртібін бұзу дерегі қайталанған жағдайда есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жолданылатыны ескертілді.
Есепте тұрған тұлғаларға қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескертті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады, – деді Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ермек Калиев.


