Пробация қызметінің №6 УПП бойынша бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған С. есімді азаматшаға қатысты ағымдағы жылдың 20шы жұлдызы күні алғашқы іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Сотталған С есімді азаматша 06.04.2023 ж болатын Орал қалалық сотына бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жөнінде өтетін сот отырысына келмей қалfaн болатын. Сол уақыттан бері сотталғанның аумақ бойынша аға инспекторы әділет капитаны М.Асылбаева алғашқы іздестіру жұмыстарын атқарып, алгоритм бойынша барлық таныс-туыстары, көршілері сұрастырылып іздестірілді. Алайда оң нәтиже бермеді. Ағымдағы жылдың 20.04.2023 жылы әділет капитаны М.Асылбаева сотталғанның үйін тағыда нақтылап зерделеп тексеру барысында сотталғанды үйінен ауыр халде жатқанын жерінен іздеп тауып 103 ке хабарласып қалалық көпбейінді ауруханасына орналастырады. Осы уақытқа дейін сотталған С. есімді азаматша 10күн бойы мекен жайында спирттік интоксикациядан уланып ауыр халде болғанын, ұялы телефоны болмағандықтан ешкімге хабарласа алмағанын, аяғынан тұра алмағандықтан есікті аша алмай инспекторға хабарласа алмағаны анықталды. Осылайша инспектор тарапынан тексеру жұмыстары негізінде, сотталғанның ауыр халін уақытында өміріне араша түсіп алғашқы көмек жұмыстарын жүргізіп емханаға жеткізген.
Сотталған С. есімді азаматша қалпына келген соң түсініктеме алып нақты мән жағдайлар анықталып іс құжаттары сотқа жолданатын болады.
Сотталғанның тарапынан анасы шақыртылып жағдай баяндалды. Анасы тарапынан инспекторға үлкен алғыс білдіріп жұмысына сәттілік тіледі.


