Ағымдағы жылдың наурыз айында Үржар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен тоқсан бойы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жиналысы өткізілді. Жиынға прокуратура қызметкерлері, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, ауданның жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және Үржар ауданының пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Жиында АПБ-нің әкімшілік және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік бейімдеу, олардың тарапынан жасалатын қайталама қылмыстың алдын-алу, қайтадан қылмыс жасағандарды бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру мәселелері қаралды.
Кездесу соңында аудан прокурорының көмекшісі жиынға қатысушы мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өз сөзінде; құқық бұзушылық жасауға бейім сотталғандармен өткізілетін профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін, құқық бұзушылықтардың алдын алу және және осы мақсатта құзырлы органдар өзара әрекеттесе отырып атқарылатын жұмысты ұйымдастыру қажеттігі жөнінде айтып өтті.
Бақтыгүл Чинбаева, Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық N1 Пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны


