Бүгін облыс әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық соттарының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Брифингке Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Асхат Саудабаев, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол Абдолов, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жанат Хабаров қатысты.
Аталған соттардың төрағалары 2023 жылдың 9 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы ақпарат берді.
Н.Абдолов өткен жылмен салыстырғанда келіп түскен талап қоюлар санының артқанын атап көрсетті.
Есепті кезеңде МАӘС-на 711 әкімшілік талап қою түсіп, 91 татуласу келісімі бекітілді (12,7%).
264 шешім шығарылды, оның 184-і талап қоюшылардың пайдасына шығарылды (69,7%). Ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 23 ұйғарым қабылданды. Республикалық бюджетке 1 475 760 теңге өндірілді.
114 әкімшілік талап қоюды берген талап қоюшы өздерінің бастамасымен кері қайтарып алынды.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Саудабаев келіп түскен талап қоюлар санының азайғанын атап өтті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 9 айында сотқа 2 614 талап қою түскен. Оның ішінде шешім шығарумен 1 546 іс қаралды немесе 59,1%. Өткен жылмен салыстырғанда талап қоюлардың түсуі 356-ға немесе 13,6%-ға азайған, ал шешім шығарумен қаралған істер саны 104-ке немесе 6,7%-ға артқан.
Экономикалық сотпен есепті кезеңде барлығы 2 152 азаматтық іс қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180-ге немесе 8,4%-ға аз.
Татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер саны – 122. Оның ішінде татуласу келісімін бекітумен 26, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітумен 96 іс аяқталған, 37 жеке ұйғарым шығарылған. Ж.Хабаров келіп түскен талап қою арыздарының, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының артқанын атап өтті.
Есепті кезеңде ювеналды сотта 33 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралған, 15 іс үкім шығарумен аяқталып, 17 тұлға сотталған, 8 іс қысқартылды. 348 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 134 іс бойынша шешім шығарылған. Татуластыру рәсімдерін қолданумен 63 іс аяқталған.
Ювеналды сотқа жыл басынан бері барлығы 624 талап қою арыздары түскен, оның ішінде 317-і тек қыркүйек айында түскен. Жүктеменің едәуір артуы заңнамалық өзгерістерге байланысты.
409 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 41 іс қысқартылды. Брифинг барысында баяндамашылар сұрақтарға жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі


