Атырау облысы соттары арасында спартакиада өтті

Республика күні мерекесіне орай «Геолог» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Судьялар одағы филиалының ұйымдастыруымен Атырау облысы соттары арасында спартакиада өтті.

Атырау облысы соттарының командалары арасында үстел теннисінен және футболдан жарыстар ұйымдастырылды.

Судьялар одағы филиалының төрағасы М.Нағашыбаев өз құттықтау сөзінде спартакиаданы ашық деп жариялап, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі спорттық жарыс сот жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мүмкіндігі. Аталған іс-шаралар денсаулықты, әріптестер арасында сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтады», — деді М.Нағашыбаев.

Жарыс қонақтары мен қатысушылары үшін концерттік бағдарлама ұсынылды. Спартакиада қорытындысы бойынша үстел теннисінен I орын Құрманғазы аудандық соты әкімшісінің бас маманы А.Айтекеноваға, II орын Атырау қалалық соты әкімшісінің басшысы Э. Тулепбергеноваға, III орын Атырау қалалық соты әкімшісінің бас маманы Д.Зинешоваға берілді.

Футбол ойыны бойынша I орынды «Фемида» командасы, II орынды «Әділет» командасы, III орынды «Төрелік» командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...