Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін «Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады