spot_img
spot_img

Ата Заң туралы

Маңызы өте жоғары мерекенің бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция — мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген төлқұжат болып табылады. Заңдардың қайнар көзі, бастауы — Конституция сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғары заңдық күші бар. Шынында да дала заңынан бастау алған, әділеттік — құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген Ата Заңды дайындау үшін қыруар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Елдің игілігіне қызмет етуге тиіс, мемлекеттің болашағына бағыт беруді мақсат еткен заңды әзірлеу жұмыс тобына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақы болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тәжірибелерін арқау еткен Ата Заңымыздың мемлекетіміздің болашағы үшін ұзақ жылдар қызмет ететіні сөзсіз.
«Конституция» сөзі латынның «constitucio» сөзінен шыққан «орнықтыру» деген мағынаны береді. Конституция — мемлекеттің негізгі Заңы. Осы негізгі заңда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, адамның аталған құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда ешкімнің оны бұзбауға, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерімен қорғалатыны, қадір — қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайтыны, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, өмір сүруге құқығы бар екені нақты көрсетілген.
Халқымыздың өмірі мен тұрмыс — тіршілігін реттеп отырған заңдар тарихына келер болсақ, есімізге «Жеті Жарғы» бірден келеді.  Киелі «жеті» санына негізделген «Жеті Жарғының» құқықтық ауқымы өте кең. Қазақ тілінде «жарғы» сөзі жиі қолданылады. Мәселен, «Жарғы» — шешім, «жарғышы» — билік айтушы.
Қазақ халқының дәстүрлі әдет — ғұрып заңдарының жинағы болып саналған Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты, елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырылып, қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет еткен. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет — ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысқан. Үш жүздің Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биді жинап, ел ішіндегі дау-жанжалдарды, саяси маңызы бар мәселелерді тиімді әрі әділ шешкен. Еліміздің бір тудың астына бірігіп, мемлекет билігі әз Тәукедей, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді құдіретті дана билердің қолына тиген «алтын ғасырда» дүниеге осы заң келген. Мақаламды қорыта келгенде, егемендігімізді баянды еткен, болашағымызға жарқын жол көрсететін Ата Заңымызды құрметтей білу ұлтымызға, барша қазақстандықтарға үлкен сын, айшықты міндет екенін айтуға болады.

 
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы Анар Шекенова

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...