12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата-ана да баласынан алимент өндіруге құқылы

Алимент десе азаматтар тек ата-ананың баласына беретін төлем ақысын айтып жатады. Шындығында, алимент өндіру туралы өтінішпен ата-аналар да жүгінуге құқылы. Қартайған шағында кәмелетке толған балаларынан қамқорлық көрмеген азаматтардың сотқа жүгініп, алимент өндіруге толық мүмкіндігі бар. Жұмыс істейтін кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға міндетті. Егер олар мұны өз еркімен жасағысы келмесе, сотқа жүгінуге болады. Бұл балаларды өз ата-анасын бағалауға, көмек беруге міндеттейтін заңдық тетік. Бұдан бөлек, денсаулығының нашарлауына байланысты, жұмыс істеп, өзін-өзі қаржымен қамту қабілетінен айырылуына байланысты ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен алимент талап ете алады. Некеге тұрып, отбасылық одақ құрғаннан кейін жұптардың бір-біріне қамқорлық көрсетіп, қолдауы дұрыс.

Десек те, елімізде ең көп кездесетіні кәмелетке толмаған балаларға алимент өндірумен байланысты даулар екені шындық. Оның тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске сәйкес реттеледі. Осы жерде алиментті тек ажырасқаннан кейін өндіруге болады деген қате түсінік туындамауы керек. Тараптар ажырасуға шешім қабылдаған кезде-ақ алимент өндіруге өтініш бере алады. Некенің бұзылғаны заңды рәсімделмесе де, ата-ананың біреуі балалардың күнкөрісіне қажет алименттік төлемді аудара береді.

Неке бұзылғаннан кейін мүліктік даулар үш жыл ішінде қаралуы тиіс болса, алиментті бала кәмелеттік жасқа толғанша өндіруге болады. Олай дейтініміз, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін өзара мәмелеге келіп, алиментті ортақ келісілген сомада аударуға уағдаласады. Алайда, екінші жұп қайта отбасын құрып, жұмыста қиындыққа тап болғанда бастапқы келісімді орындай алмай, қаржылық қолдау жасауды тоқтатуы мүмкін. Мұндай кезде сотқа арызданып, алимент мәселесін шешіп алған орынды. Ең бастысы – бала кәмелетке толмауы шарт.

Қажет болған жағдайда алимент баланың 21 жасқа толғанына дейін төленеді. Бала жоғары, орта арнаулы оқу орнының күндізгі бөлімде білім алатын болса, өз бетінше сотқа жүгінуге және ата-анасынан төлем өндіру туралы өтініш беруге құқылы. Бұл қаражат енді баланың пайдасына өндіріледі.

А.Шакуал

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...