12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Атамекенмен» бірлескен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Атырау облыстық сотымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бизнеске қатысты талап қоюлар бойынша дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану. Сот тәжірибесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға әкімшілік алқа төрағасы, МАӘС судьялары, облыстық және қалалық әкімдік, «Атамекен» ӨКП, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік кірістер басқармасы, БҚЖДА, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, Жер қатынастары бөлімі, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ өкілдері, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қатысты.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев қатысушыларға жемісті пікірталас тіледі.

Облыстың ӘІСА төрағасы Анаргүл Салихова іс-шараның маңыздылығына тоқталып, талқыланатын мәселелер бизнеске қатысты талап қоюлар бойынша қаралатын істерге қатысты болғандықтан осы кездесуді «Атамекен» базасында өткізу жоспарланғанын атап айтты.

Спикер статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, жылдан жылға әкімшілік талап қоюлардың саны артып келетінін айтты. Талап қоюларды қанағаттандыру туралы МАӘС шешімдерінің де саны артқан. Істердің жекелеген санаттары бойынша тұрақты сот тәжірибесі қалыптасуда. Бизнес пен әкімшілік орган арасында туындайтын мәселелердің барлығы бірдей шешілмейтін, күрделі мәселе емес.

Спикер әкімшілік органдардың өкілдерін дауды балама тәсілмен шешу мүмкіндіктерін қарау мақсатында келісу комиссиясын құру мәселесін талқылауға шақырды.

9 айда барлығы 718 талап қою арыздары келіп түскен, бизнеске қатысты — 164 талап қою арызы (оның ішінде 31-і ЖСО қатысты), бұл шамамен 30 пайызды құрайды.

Бизнеске қатысты істер бойынша 169 шешім шығарылып, оның 120-ы қанағаттандырылып, 49-ы қанағаттандырудан бас тартылды. Талап қою арыздарын қанағаттандыру туралы шешімдер 71% құрайды.

Кәсіпкерлер сотқа көбінесе салық даулары (64 талап қою), ЖСО (31 талап қою), жер даулары (26 талап қою) бойынша жүгінеді.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу органдарының іс-әрекеттеріне, еңбек, кедендік дауларға, БҚЖДА, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында, монополияға қарсы дауларға қатысты талап қою арыздары келіп түсуде.

А.Салихова татуласу бойынша көрсеткіштің өте төмен екенін атап өтті. 9 айда барлығы 10 іс қаралған.

Баяндамада бизнес өкілдерінің назарын талап қою арыздар мерзімдерін сақтау, талап қою арыздардың талаптарын тиісінше ресімдеу, өкілге сенімхат, кассациялық шағым беру тәртібін сақтау қажеттігіне аударды.

Алқа төрағасы сонымен қатар ӘРПК-нің 69, 29, 138, 129, 91-бабының 5-бөлігі, 136-бабының 5-бөлігі, 131-баптарының талаптарын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Өз баяндамасында МАӘС төрағасы Нұрбол Абдолов әкімшілік істер бойынша проблемалық мәселелерге тоқталып, бұл кездесудің мақсаты жанжалдар санын азайту, дауларды баламалы тәсілдермен шешу екендігін айтты .

Ол мемлекеттік мекемелермен, атап айтқанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, салық органдарымен жіберілетін кемшіліктерге назар аударды.

Кездесу барысында қатысушылар комиссия құру бойынша өз пікірлерін білдірді.

Алқа және МАӘС төрағасы қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін, тәжірибе қалыптастыру бойынша пайдалы және мағыналы ақпарат алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында А.Салихова қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, бұл кездесу өзінің жемісті нәтижелерін беретінін атап өтті.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...

Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы...

Рабочее совещание!

В актовом зале РГУ «учреждения Nº3» КУИС МВД РК...