Астана қаласы ҚАЖ департаментінің инспекторлары кәмелетке толмағандар арасында суреттер байқауын ұйымдастырды

Елордада ағымдағы жылдың 15 маусымында Астана қаласы бойынша пробация қызметінің ювеналдық тобының инспекторлары Астана қаласының «Право» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, байқау ұйымдастырды. Астана қаласының пробациялық бақылауындағы, кәмелетке толмаған сотталғандар арасында «Менің әлемім есірткісіз» деген тақырыпта суреттер және «Есірткіге жол жоқ» есірткіге қарсы тақырыпта байқауы өткізілді. Жарысқа 10-ға жуық кәмелетке толмаған балалар қатысты, оның ішінде ПҚ-нің қызметкерлерінің балаларыда атсалысты. Байқаудың мақсаты – балаларды салауатты өмір салтының басымдықтарын, есірткі және басқа да психотроптық заттарға теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылды. Біздің міндет кәмелетке толмаған балаларды есірткінің қауіптілігімен таныстыру, және есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, сонымен қатар алған білімдерін пайымдау, талдау және жалпылау қабілеттерін дамыту. Байқауда жеңімпаздар марапатталып, I, II, III орындардың жеңімпаздары анықталды.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...