Астана қаласы Байқоңыр ауданының пробация қызметі пробациялық бақылаудағы сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында Астана қаласының №64 Республикалық мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторы) экскурсия ұйымдастырды. Осы мекеменің режим және күзет бөлімі қызметкерінің көрсетуімен пробациялық бақылаудағы сотталғандарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылатын тергеу уақытында тергеудегі адамдар отыратын бос камера көрсетілді. Алғаш рет сотталғандар болашақта қайталап қылмыс жасамай, түзеу жолына түсуі үшін мекемеге экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия соңында сотталғандар өз эмоцияларымен бөлісті.


