Астана ҚАЖД басшылығы туған күн иесін құттықтады

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы, осы Департаменттің ардагерлер кеңесі төрағасы, ішкі істер органдарының құрметті ардагері Жаңаөмір Кенжебайұлын 84 жасқа толу мерейтойымен құттықтайды!

Жаңаөмір Кенжебайұлы Джамалов 1939 жылы 11 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер саласында 1961 жылдан бастап қызмет атқарып, ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында адал, беделді қызмет атқарған. Жанаөмір Кенжебайұлы 30 жылға жуық уақыт аралығында ішкі істер саласының әр түрлі қызметінде басшылық лауазымын атқарып, 1997 жылы Ақмола облысы Степногорск қаласында орналасқан ЕЦ-166/18 мекемесінің бастығы лауазымынан полковник шенінде зейнетке шыққан. 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жаңаөмір Кенжебайұлы Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, адал қызмет атқарып келеді.

Астана қаласы ҚАЖ департаментінің басшылығы құрметті ардагерге өмірлік бай еңбек жолы үшін, қоғам мен мемлекеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, бағалы сыйлық табыс етті.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...