12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Астана халықаралық форумының маңызы туралы

Астана Халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және орнықтылық, энергетика және климаттың өзгеруі салаларындағы, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған бірегей форматқа ие.

Форумның тақырыбы – «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында». Бүгінде әлем жедел іс-қимыл мен келісілген күш-жігерді қажет ететін мәселелерге тап болуда. Көптеген мәселелерді мүдделі тараптар арасындағы диалог пен ынтымақтастықсыз шешу мүмкін емес.

Тек диалог пен ынтымақтастық арқылы біз неғұрлым тұрақты және әділ әлем құра аламыз.
АХФ эксклюзивті сипатқа ие, оған 300-ге жуық танымал шетелдік спикерлер қатысады. Жалпы, АХФ-ға барлығы 1000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Форум инвесторлар үшін еліміз үшін маңызы зор іс-шара болып табылады.
АХФ – ең үлкен диалог алаңы, оны «Азиялық Давос» деп санауға болады. Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылау және сарапшылар тобының қатысуымен олардың шешімін іздеу – шараның ең маңызды міндеті.

Қазіргі жағдайда Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың халықаралық пікірталас орны болуға мүмкіндігі бар. Бұл жағдай — еліміздің дамуына қажетті елеулі инвестициялық үлесті қамтамасыз етеді. Сауданы дамытуға және ірі компаниялармен, қаржы институттарымен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Отандық тауарларды сату және экспортқа шығару үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум қарсаңында, яғни 7 маусымда, АХҚО ұйымдастырған Astana Finance Days халықаралық конференциясы өтеді. 8 маусымда жалпы отырыстан кейін шетелдік инвесторлар Кеңесі өтеді.

Форум Еуразиядағы сарапшылар үшін басты диалог алаңдарының бірі, нәтижелі және беделді шара болмақ.

Іс-шараның маңыздылығы шақырылған спикерлер мен делегаттардың деңгейі көрсетіп тұр. Олар – елдер мен халықаралық ұйымдардың, саясаткерлердің, ғалымдар мен экономистердің әлемдегі және аймақтағы қазіргі жағдайға көзқарастарымен бөлісетін, қазіргі проблемалардың ықтимал шешімдерін талқылайтын алдыңғы қатарлы тұлғалары.

Халықаралық инвесторларды тарту, елде және әлемде экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыру үшін жаңа идеялармен алмасу Форумның тиімділігін көрсетеді.

1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне шығармашылық сайыс өтті

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті...

Сотталғандар бірлік пен бейбітшілік мерекесін атап өтті

           Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты...

Концертную программу организовали для пожилых людей сотрудники УИС

В канун 1 мая Дня единства народов Республики Казахстан...

В исправительном учреждении Шемонаихинского района отметили День единства народа Казахстана

Казахстан - это многонациональная страна, в котором проживает более...