Астананың тергеу изоляторында заңгерлік кеңес ұйымдастырылды

Бүгін елордалық ҚАЖД бастамасымен Астана қаласы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы, «АСТ» ҚБ психологы, Астана қаласы Әділет Департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы, Астана қаласы бойынша адвокаттар алқасының адвокаттары, нотариус және ҚБК төрағасы № 64 мекемеде ұсталатын тергелгендердің жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.

Бұл қабылдау елорданың тергеу изоляторында ұсталатын адамдарға заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ өзіне дене жарақатын келтіру, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері, тамақ ішуден бас тарту фактілерін алдын-алу және жол бермеу үшін ұйымдастырылды.

Мұндай шараларды мүмкіндігінше жиі өткізуді жоспарлап отырмыз, өйткені біздің Республикамыздың әрбір азаматы білікті заң көмегін алуға, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы, – деп атап өтті Астана ҚАЖД басшысы Дәулет Рахымбеков.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...