Астаналық ҚАЖ департаментінде Қазақстандық Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті

«Жастар» сарайында ардагерлерді, қызметкерлердің отбасы мүшелерін, Астана қаласы Дін істері басқармасының, құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, ҚАЖ департаментінің Қазақстандық Полиция күніне арналған салтанатты жиналысы өтті.
Дәстүр бойынша жиналыстың ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандарды еске алу құрметіне, сондай-ақ соңғы минутқа дейін отпен күрескен Абай облысында орман өртінің салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Астана ҚАЖД бастығы Дәулет Рахымбеков құттықтау сөзінде «Бейбіт уақытта қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған барлық полицейлерге өзінің кәсіби борышын соңына дейін орындап, жарқын естелік» туралы айтылды. Сондай — ақ, «бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен батылдығына, Отан мен Халыққа қызмет етудің үздік дәстүрлеріне құрмет екенін атап өтті. Ішкі істер органдарының қызметкері өмірде қорғауға ант берген адамдардың көзіне мақтанышпен қарауы үшін әрқашан адал болуы керек».
Қазақстан полициясы күнін мерекелеу құрметіне ардагерлер мен ерекше көзге түскен қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін наградалар табыс етілді. ҚР Ішкі істер министрінің құқықтарымен ҚАЖД қызметкерлеріне мерзімінен бұрын подполковник атағы берілді, атқаратын штаттық лауазымында, құрмет грамотасында, алғыс хатпен көзделген арнайы атақтан бір саты жоғары полковник және әділет подполковнигі арнайы атағы берілді. Департамент бастығының құқықтарымен ҚАЖ департаментінің және оның бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың ата-аналары грамотамен және алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Ішкі істер органдары Ардагерлер Кеңесі Төралқасы және Ұлттық ұланның қаулысымен Ішкі істер органдарының ардагерлері мараптталды.
ҚАЖД бастығы Д.Рахымбековтың құқықтарымен алғыс хаттар табысталған салтанатты жиналыс қонақтары да назардан тыс қалмады, бұл ҚАЖ қызметінде оң табыстарға әкеліп соқтырған және сотталғандарды құқықтық және әлеуметтік қолдауда пайда әкелуді жалғастырып, келе жатқан қоғамның маңызды рөлі туралы аталып өтті.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...