Астаналық ҚАЖД қызметкерлері қаруды анықтау және тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар жүргізді

Астаналық тергеу изоляторынан алынған жедел ақпаратты бірлесіп іске асыру барысында Астана қаласының ҚАЖД  және ПД қызметкерлері елорданың құрылысы аяқталмаған ғимаратынан 12 калибрлі «ИЖ-27» маркалы аңшылық мылтығын тауып, тәркіледі. Алынған мылтық бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Департаменттердің жедел бөлімшелерінің толық өзара іс-қимылы кезінде ағымдағы жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 4 бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Осы бағыттағы жұмыс, атап айтқанда заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу ерекше бақылауда және жалғасатын болады. Еске салайық, қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....