Астанадағы блэкаут: әкім тұрғындарға үндеу жасады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Шахмат тәртібінде электр қуатына қайта қосылу жүріп жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, ЖЭО-2-дегі қысқа тұйықталу салдарынан Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды. Сондай-ақ, елорда тұрғындары су, жылу және ұялы байланыстағы ақаулар туралы хабарлады.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...