12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Асламбек МЕРҒАЛИЕВ, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы: БҮГІНГІ БУЫН АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫН ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

Құрметті әріптестер! Сіздерді Маңғыстау облыстық сотының 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Киелі Маңғыстау өңірінде сот жүйесінің құрылып, қалыптасуының өзіндік бай тарихы бар.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 23 наурыздағы Жарлығына сәйкес, қазіргі Маңғыстау облыстық соты құрылды. Соттың алғашқы құрамында Қ.Мамбетов, В.Рудяков, Ш.Нәжмединов, Б.Көшекбаев, Н.Қарабасова, Т.Шибаковалар болды. Әр жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағалары болып Қ.Мамбетов, Н.Чиняев, М.Смағұлов, С.Абдуллаев, Д.Әміров, Ж.Аланов және Е.Дәулиев абыройлы қызмет атқарды. Маңғыстаулықтар облыстық сотта еңбек етіп, кейін Жоғарғы Соттың судьялары болған Н.Суханова, Т.Берқалиева, Ғ.Мақажанова, Н.Жолдасбаеваның, отставкадағы судьялар М.Нұрбеков, Г.Стикулова, Д.Жүсіпова, М.Смағұлов, М.Сабырбаев, Н.Чиняевтың есімдері мен еселі еңбектерін жақсы біледі, әрдайым құрмет тұтады.

Бүгінгі буын аға ұрпақтың өнегелі жолын лайықты жалғастыра отырып, сот төрелігін әділдікпен атқаруда. Алдағы уақытта да Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан іргелі реформаларды сәтті жүзеге асыруға сүбелі үлестерін қосады деп сенеміз. Барлығыңызды облыстық соттың 50 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, толайым табыс, отбастарыңызға амандық пен бақыт тілеймін!

Алматыда қанша балл жер сілкінісі болғаны анықталды

Алматыда 5 балл жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды...

Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

Алматыда "Береке" базары аумағында өрт шықты.

В ДУХЕ СПРАВЕДЛИВОСТИ И СОРАЗМЕРНОСТИ

Уволенные по отрицательным мотивам государственные служащие смогут восстановиться на службе в зависимости от характера и тяжести проступка. Однако это не коснется лиц, совершивших коррупционные, а также тяжкие и особо тяжкие преступления.

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады

Қазақстанда машина жасау зауытын сату тоқтатылды

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді.