12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«АрселорМиттал» акциялары Қазақстанға беріледі: мәміле құны жарияланды

Индустрия және құрылыс министрлігі «АрселорМитталдың» басқа инвесторға берілуіне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтады. Бұл мәміле осы кәсіпорындардың болашағы мен олардың тұрақты дамуы үшін өте маңызды екені айтылды.

«Келісімшартқа сәйкес, QIC ребрендингке ие болатын және жаңа атау алатын осы кәсіпорындардың қызметі үшін толық басқару мен жауапкершілікті өз мойнына алды. 1995 жылдан бері осы активтерге иелік еткен ArcelorMittal Қазақстанда металлургия және тау-кен өндіру салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етті», — делінген хабарламада.

Қазақстан Үкіметі осы кәсіпорындардың бизнес-процестерінің сақталуы мен тиімділігін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың тұрақты жұмысы мен инновацияларды енгізуді барынша қамтамасыз етуге ұмтылып жатқаны айтылды.

«Мәміле құны 286 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ArcelorMittal меншікті капиталының 800 миллион долларға төмендеуіне әкелді. ArcelorMittal басшылығы қызметкерлерге соңғы 28 жылдағы үлестері мен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өткізілген уақыттың маңыздылығын атап өтті».

Сонымен қатар, ArcelorMittal Қарағанды облысының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға, оның ішінде Теміртау қаласын дамытуға бағытталған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге бөлген.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.