12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алқабилер сотының маңызы артып келеді

Биыл елімізде алқабилер сотының пайда болғанына он бес жыл толып отыр. Елімізде алқабилер сотының пайда болуы – тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі. Дегенмен еліміздің сот жүйесіне алқабилер жүйесі енгізілгелі бері, оның қолданыс аясы кеңіп келеді. Жалпы, құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары сот әділдігінің заң шеңберінде атқарылуынан, сотқа барша халықтың қолжетімділігінен көрінеді. Сол секілді халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мемлекеттің демократиялық бағытта дамуының бірден-бір көрсеткіші болып есептеледі. Өйткені, бұл үрдіс онда қабылданған шешімнің заңдылығымен қатар әділетті болуына да ықпал етеді. Сондықтан еліміздің сот жүйесінде алқабилердің қатыстырылуының маңызы зор.

Сотталушы өз ісін алқабилердің қарауына беру туралы өтінішті қылмыстық іспен танысу барысында жасай алады, не алдын ала жасалатын тыңдаулар барысында, яғни соттың негізгі талқылауы алдында өз өтінішін білдіреді. Жергіліктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмiн жасайды. Олар мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкес келуiн тексеру үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

Алқабилер тiзiмiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған соттылығы бар; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар; судья, прокурор, тергеушi, адвокат, мемлекеттiк қызметшi мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін затты тұтынуға байланысты аурулар бойынша денсаулық сақтау
ұйымдарында есепте тұрған адамдар кандидаттар тiзiмiне енгізілмейді.

Бұл тізімге азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi. Сондай-ақ қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар; өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндетiн атқаруға қабiлетсiз адамдар; алпыс бес жастан асқандар; дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алқабиге кандидаттар тiзiмiнен алып тасталады. Ал заңға сәйкес, алқаби өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға; процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға, сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы. Алқабилердің кәсіби соттардан айырмашылығы, олар арнайы білім, теорияға сүйенбей-ақ, істі мәнісі бойынша өмірлік тәжірибеге сүйеніп шешуге тырысады. Олар қоғам мен қарапайым халықтың мүддесін қорғайды және адамгершілік, ар-ождан, мораль, тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды.

Утеубаев Канат, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне шығармашылық сайыс өтті

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті...

Сотталғандар бірлік пен бейбітшілік мерекесін атап өтті

           Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты...

Концертную программу организовали для пожилых людей сотрудники УИС

В канун 1 мая Дня единства народов Республики Казахстан...