12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЛЫП ЕЛДЕР НАЗАРЫ — АЭС-та

Франция Президенті Эммануэль Макрон Азия сапары барысында Өзбекстан мен Қазақстан билігімен кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде экономикалық ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымы, азық-түлік қауіпсіздігі және бүкіл Еуропа үшін өзекті болып отырған энергетика жайын талқылаған-ды.

Францияның атом энергетикасы жылына шетел басылымдарына илансақ, шамамен 10500 тонна уран тұтынады екен. Бірақ оның 8 мың тоннасы елге шетелдерден келеді. Жалпы уран отынының 45%-ы Канада, тағы 32%-ы Нигерия, қалғаны Австралия, аз ғана үлесі Қазақстан мен Ресейден тасымалданған. Сол кездегі қарны тоқ, көйлегі көк, мәселе жоқ Франция тіпті осы уаққа дейін 56 АЭС салып тастаған көрінеді. Болашақты болжау бірақ кімнің қолынан келеді дейсіз. Уранға қатысты алғашқы мәселе романтиктер елінде 2013 жылы басталды. Дүниежүзіндегі жалпы көлемі 6% деп бағаланған Нигерияның уран қоры сарқылып барады деген суыт хабар, төбеден құйған суық судай ел энергетикасын шымырлатты. Осы тұста мәселеге қатысты уран шикізат алпауыттарының бірі, Канада тік тұрып «әлемдік нарыққа мұнай, газ және уранды көбірек жеткізу арқылы әлем елдеріне жаһандық энергетикалық дағдарысты шешуге көмектесеміз» деп, кесек сөйлеп, білегін сыбанған-тын. Әрине Франция, арқасынан жүк түскендей жасап қалды. Десе де жылына тұрақты түрде 4-7 мың тонна ғана өндіріп отырған Канада уранын кімнің аузынан табасыз. Оның үстіне үйеңкі жапырақ елі АҚШ, Қытай және өзге Еуропа елдерімен де келісімшартқа отырып, уран жеткізіп отыр. Канаданың бар уранын шашау шығармай Францияға алып келгеннің өзінде, АЭС-тердің тәбетін еңсеру қиын. Бірақ бәрін сатып алуға және басқаларға қарағанда көбірек төлеуге дайын Қытай, мына жағында уран тұтыну бойынша әлемде көшбасшы, дегенмен өз кен орны жоқ Америка Құрама Штаттары тұрғанда, Канаданың бұлай жасауы Франция үшін достық, жанашырлық ниетінің көрінісі іспеттес еді. Францияның өзге Африка елдерінен де уран ала алатын мүмкіндігі бар. Өйткені, бұл шикізаттың қорлары бар көптеген мемлекеттер бір кездері француз отарлары болған. ХХ ғасырдың екінші жартысында Парижден тәуелсіздік алған соң да ол мемлекеттер достық қарым-қатынасты жалғастырған. Бірақ мұнда да қиындықтар бар. Францияға Сахель аймағынан арзан уранды алу үшін ол Африкадағы қымбат әскери операцияға араласу керек болды. Нақтырақ Чад, Мали және басқа да «қазба байлығында ураны бар» кейбір елдерде жүргізілген антитеррорлық операциялар. Басында «Бархан» операциясын француздар қолға алды. Десе де мәселенің аз уақытта шешілмейтінін түсінген Макрон бұл істі тоқтатты. Оның үстіне соғыс шығынын, уран кені өтемейтіндей халге жеткен болатын. Енді әрине соңғы үміт әлемдегі барланған уран қорының 45%-ға жуығын құрайтын Ресей мен Қазақстанда. Иә, бұл жұпта Қазақстан көш бастап тұр. Дегенмен, бұл жағдайда «көшбасшылық» сөзі «тәуелсіз» терминімен бірдей емес. Өйткені, қазақстандық уранның басым бөлігі Ресей Федерациясы арқылы өтпейінше тұтынушы елдерге жете алмайды. Көлеңкелі тұс Қазақстанның уранды байыту ресурстары өте шектеулі. Атап айтқанда: 5-20% деңгейіне дейін байытылған уранды АЭС операторлары жиі талап етеді. «Ресейде уранды байыту бойынша әлемдік қуаттың 43%-ы бар, ал қазақстандық ядролық шикізат алдымен ресейлік байыту зауыттарына түседі де, солардан ғана нарыққа шығады. Логистика да солай, Казатомпром қазір ядролық отынды Ресей арқылы және Каспий теңізі арқылы Қара теңізге жеткізеді. Десе де, көлеңкеде болып жатқан дүние дүниетанымыңызды төңкеруі мүмкін. Батыстың, әсіресе Еуропалық Одақ елдері геосаяси жағдайға қатысты санкцияға қарамастан Ресей уранын әлі күнге дейін сатып алып отыр. Бұл қазбалы отынға тәуелділіктен де үлкен мәселе. Дегенмен, батыс саясаткерлері бұл туралы дауыстап айтудан қорқады. Украинада ауқымды соғыс басталғанға дейін де, кейін де ештеңе өзгерген жоқ. Ресей ядролық бизнестен миллиардтаған табыс табуды жалғастыруда. Еуроодақ әлі күнге дейін Ресейдің атом өнеркәсібіне қарсы санкциялар енгізуге және Ресей бюджетін кірісінің маңызды бөліктерінің бірінен айыруға батылы бармай отыр. Қазақстан уранын бұған дейін менсінбей көбісі алмаушы еді. Енді мына қара күйеден құтылу үшін Батыс елдері неге де болсын дайын болып отыр. Қазақстанда жылына 20 мың тоннадан кем уран өндірілмегенін ескерсек (бұл Францияға екі жылға жететін көлем) қызыққан қай-қайсы мемлекет, кез келген шартқа дайын. Біздің жағдай Әрине, май шелпекке бөгіп, теріміз шылқып отырған біз жоқ. Энергетикалық мәселелер өзімізде жетіп артылады. Сарапшы Олжас Байділданың дерегінше өткен жылы еліміз 16 мың мВт электр энергиясын тұтынса, 15 мың мВт өндірген екенбіз, дефицит 1 мың мВт, оны Ресей жапқан. Оның үстіне тұтыну да өсіп келеді. Ал энергияның басым бөлігінің (67 %) елімізде ЖЭО өндіруде. Олар көмірмен жұмыс жасайды. Қалғаны газ (22%), гидро электрлі станциялар (7%), баламалы күн, жел станциялары (5%). ЖЭО-лардың барлығы дерлік Кеңес кезінен келе жатқан орталықтар. Тағы да ЖЭО салу экологияға да, қаржылық жағынан да пайдасынан зияны көп дүние. Суға қатысты мәселе ГЭС-ты дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал газ өндіріп отырған ошақтарда қайта-қайта техникалық бұзулар болып, ығырымызды шығаруда. Баламалы энергия станциялары тым қымбат әрі эфективтілігі тым төмен. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2040 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан 25 миллионға дейін өседі, бірақ бізде қазірдің өзінде бар қуат жетіспейтін болса, өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қалай қанағаттандырамыз? Мәселе шешімі – АЭС Естеріңізге сала кетейін, ҚР Энергетика министрлігінің индикативтік жоспары бойынша Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы 2035 жылға қарай ғана пайда болады. Энергетика министрлігінің қысқа тізімі қазіргі уақытта төрт реактордан тұрады: VVER-1200 реакторлары бар ресейлік Росатом; HPR-1000 реакторы бар қытайлық CNNC компаниясы; APR-1400 реакторы бар кореялық KHNP; EPR1200 реакторы бар француздық EDF. Реактор атауының жанындағы сандар АЭС-тың өндіру қуатын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай қазіргі қажеттілік 1 мың мВт. Демек, бір АЭС салсақ, біз бүгінгі қажеттілікті ғана жауып, нөлге шығамыз. Сондықтан Қазақстанға алдағы уақыттағы сұраныстың өсетінін ескерсек, бүгінде бір емес, бірнеше атом станциясы керек. Қоғамда әрине АЭС-ке қатысты үлкен резонанс тууда. Десе де мәселенің байыбына жетпесек болмас. Макронның Өзбекстан мен Қазақстанға сапарын осы елдердің аумағында француздық Électricité de France (EDF) компаниясының атом электр станцияларын салу жөніндегі келіссөздерінің соңғы нүктесі ретінде қарастыруға болады деген пікір бар. Бұған дейін, ағымдағы 2023 жылы Ташкент пен Астанаға Францияның Сыртқы сауда министрі Оливье Бешт пен француздық Électricité de France (EDF) компаниясының делегаттары келген болатын. Екі жағдайда да делегаттар Францияның ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Сыйға сый, сыраға бал демекші, бұндай шығынымен жауапкершілігі көп жұмысқа француздар бекер барып отыр дейсіздер ме. Олардың ойында уран. Бұл отын бізде, аз көлемде Өзбекстанда да өндіріледі. Қайсысы қармаққа ілінседе француздардың ұтылатын жері жоқ. Десе де оңтүстіктегі көршіміз бірінші болып АЭС салса, оларға қарап алақан жайып қалуымыз әбден мүмкін. Бірақ Қазақстанның қазіргі билігі құрылысқа қатысты түпкілікті шешім қабылдағанға дейін, атом электр станциясы үшін әлемдік тәжірибені зерттеп, содан кейін ғана технология жеткізушісін таңдау туралы маңызды шешім қабылдауды дұрысқа санап отыр. Онысы орынды да. Француздарға сенім артуға бола ма? Жалпы бізде атом электр станциясын салу жөнінде екі нұсқа бар. Біріншісі өз қаражатымызға компания тауып салдыру. Бұл жағдайда Қазақстан АЭС үшін 15 миллиард долларға жуық қаражат табуы керек. Түсіну үшін елдің жылдық бүкіл мемлекеттік бюджеті шамамен 45-50 миллиард долларды құрайды, ал Ұлттық қор үшін бұл айтарлықтай сома. Екінші нұсқа – жеке инвестор өз қаражатына салып, кейін қарымын тарифтен қайтаратындай ету. Енді осы тұста салып берем деп отырған Францияға қаншалықты сенім артуға болады? Францияның энергия өндіру саласында ядролық энергиядағы тәжірибесі өте мол. Еуропадағы атом электр станцияларының ең ірі алаңының иесі ретінде бұл ел энергетикалық секторда өздерінің тәуелсіз екенін мақтан тұтады. Бірақ 2022 жыл үлкен өзгерістер әкелді. Санкция кесірінен Ресейдегі газ Еуропаға жетпегеннен кейін, көп елдер Франциядан электроэнергия сатып алып отырды. Дегенмен, француз атом электр станцияларының ескіруі салдарынан реакторлардың жартысына жуығы техникалық қызмет көрсету үшін жабылып, қуат өндіруді айтарлықтай азайтты. Нақтырақ 56 АЭС-тың 26-сы бүгінде жұмыс жасамай тұр. Бұрындары құрлықтағы ең ірі электр қуатын экспорттаушы Франция енді өз қажеттіліктерін өтеу үшін сырттан электр қуатын сатып алып отыр. Осы тұста ел Президенті Эммануэль Макрон Франциядағы атом электр станцияларының ескіру мәселесін жаңа станциялар салумен шешпек. Жоспар бойынша 2035-ке дейін алты жаңа типтегі реакторларды салуды мақсат етіп отыр. Бұл шешім Француз компаниясы EDF-ке (АЭС салатын компания) ауыр тиді. Банкроттықтың аз-ақ алдында тұрған компанияны соңында мемлекет сатып алды. АЭС салуға Франция үкіметі 50 миллиард еуро бөлді. Бұл ел арасында үлкен резонанс тудырды. Франция энергетика мәселесіне байланысты қиындыққа кезіккені айтпаса да белгілі. Сондықтан абайламасқа болмас.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.