Алматы қаласы кадрлық комиссиясы Алматы қаласының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды

Хабарландыру

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  2. құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  3. жоғары білімі болуы;
  4. үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) цифрландыру;

6) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар almaty@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, 5-қабат, 505-бөлме.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің almaty.onir.rezerv.kz әлеуметтік парақшасында және келесі телефондар арқылы: +7 (7272) 54-90-00, 54-90-35 алуға болады.

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...

Совершенствование правовых механизмов 

С момента обретения Независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

Связь времен и поколений

Алматинский городской суд ведет работу по созданию исторического музея,...