Алматы қаласы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынар Әлімханқызының төрағалығымен Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің аудандық бөлімдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтері және ғимараттардың қызмет алушыларға қол жетімділігі тақырыбында Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшесі Гасанов Рафаэль Руфикович және қоғам қайраткерлері Нурузбаева Сауле Акылбековна, Катибаева Гульнар Нурганатовнамен бірлесіп жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі қаралды.

Мониоринг барысында Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің кей аудандық бөлімдерінде қызметалушыларға қолайсы жағдай қамтамасыз етілмегендігі және стендтарда актуалды ақпарат орналаспағандығы анықталды.

Алматы қаласы аудан әкімідеріне аудандық Қорғаныс істері басқармаларымен бірлесіп Қорғаныс істері басқармаларының ғимараттарында қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау ұсынылды және мамыр айында ұсыныстардың орындалуы бойынша қайта мониоринг жүргізілетіндігі айтылды.

Сонымен қатар күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында жүргізілген мониторинг қорытындылары қарастырылды.

Бірқатар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтер туралы тиісті ақпаратпен қамтамасыз етілмегендігі анықталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын құқықтық актілердің интернет – ресурстарда тиісінше енгізілуіне аса назар аударылды және аталған жұмысты сапасыз жүргізетін мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі қаралатының ескертті.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Б. Узбеханов 

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...