Алматы қаласы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Бүгін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынар Әлімханқызының төрағалығымен мемлекеттік қызметтер бойынша Алматы қаласы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бір функциясы болып табылады.

Бұл ретте өткен отырыста Департаментке ағымдағы жылғы 5 айында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты түскен арыз-шағымдар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қарастырылды.

Алматы қаласы бойынша ен көп шағымдар жер қатынастары және сәулет салаларына түсетіндігі анықталды.

Отырысқа қатысқан Алматы қаласы Жер қатыснастары және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармаларының қызметкерлері шағымдардың көп болу себептерін түсіндіріп, азайту жолдары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы бяндады. 

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерімен аталған басқармаларға азаматтармен кері байланысты күшейту бойынша ұсыныстар енгізді.

Күн тәртібінің келесі сұрағы бюрократиядан арылту бойынша  бизнес саласында жүргізіліген мониторинг нәтижелері қарастырылды.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде бизнес өкілдері мемлекеттік органдармен қарым-қатынас барысында туындайтын бюрократиялық мәселелердің орын алуы туралы атап өтетіні анықталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, тиісті ұсыныстардың Агенттікке жолдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Б. Узбеханов 

Өндіріп алушының  өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері

          Ақмола облысының Әділет департаменті көрсететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі...

Как стать изобретателем и получить патент на изобретение

Изобретатель – это звучит гордо, ведь благодаря их изобретениям...

Географическое указание и их роль в развитии региональных брендов

          Региональный бренд – это устойчивая совокупность представлений о территории,...

Географиялық нұсқау және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі

Өңірлік бренд - бұл өңірдің өнімі, мәдениеті, дәстүрі мен...