12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қалалық және Алматы облыстық кәсіпкерлерге колонияларда Ашық есік күні өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерде өндіріс орындарын және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында облыс және қала кәсіпкерлері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған Департаменттің және Алматы облысы мамандандырылған прокуратурасының бастамасымен өткізілген «Ашық есік күні» №10, №12, №14 және №57 мекемелерінде ұйымдастырылып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда, Департаментке қарасты мекемелерде жазасын өтеп жатқан 1300 сотталған жұмыспен қамтамасыз етілген және мекемелер аумағында 50 жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс істейді.

Олар 600-ден аса сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындар негізінен металлконструкциясымен, ағаш өңдеу, тігін және жасанды тері бұйымдарын шығарумен айналысады.

«Мекемелер аумағындағы өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялды- инновациялық даму басқармасының, Қонаев қаласы бойынша мансап орталығының, Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері және Алматы және Алматы облыстық ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес басшылары қатысты. Олар мекемелердегі жұмыс істеп тұрған объектілер мен бос үй-жайларды аралап, өндірілетін өнімдермен танысты»- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов.

Кәсіпкерлердің басқосуы сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешуге ықпал ететіні сөзсіз.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...