12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді. Осыған орай, ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай саптүзеуін жүргізді.

«Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың оқиғалардан қалыспай, қылмысқа қарсы тұруына мүмкіндік береді. Мереке қарсаңында жеке құрамға зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық және заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күресте сарқылмас күш-қуат тілеймін», – деді Арыстанғани Заппаров.

Саптық тексеру барысында алдыңғы саптағы бөлімше қызметкерлерінің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, техникалық жабдықтары тексерілді.

Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күн сайын қолға алатын патрульдік полиция Полкінің, мамандандырылған батальонның жасақтары, учаскелік инспекторлар, ЖҚАЖ қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.