Алматы облысы бойынша ҚАЖД жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің тапсырмаларын орындау мақсатында, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД жұмыс кездесуі өткізді. 

 Алматы облысы мекемелерінің аумағында өндірістік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бірлескен жұмыс шеңберінде, кеңеске мамандандырылған прокуратураның прокуроры және шағын, орта бизнес өкілдері қатысты.

Жұмыс кездесуі барысында мекемелерді қайта бейіндеу мәселелері, сондай-ақ жабық мекемелердегі ЖК, ЖШС қызметі барысында туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

«Мекемелерде жаңа өндірістер ашу арқылы сотталғандар өнеркәсіптің түрлі салаларында жаңа қабілеттерге ие болады және бұрын алған дағдыларын бекітеді. Шектеулі мүмкіндіктерге қарамастан, білімдерін ұлғайтуға, ойлау тәсіліне әсер етуі, бұл одан әрі босатылғаннан кейін оларға пайдалы болатыны сөзсіз», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.

Пенитенциарлық жүйенің мекемелеріндегі еңбек — бұл сотталғандарға ақша табуға, уақыт өткізуге мүмкіндік беру тәсілі ғана емес, сонымен қатар оларды түзетудің ең маңызды факторы.

  Аталған іс-шара, Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері мен мекемелері арасындағы өзекті мәселелерді шешу және одан әрі ынтымақтастық мақсатында өткізілді.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру мақсатында тұрақты негізде түзеу мекемелеріне бизнесті тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Қазақстандағы студенттік өмір, заң білімі және қазіргі қоғам

Қазіргі уақытта мен Қазақстанда білім алып жүрмін. Қазақстанда оқу...

Жасанды интеллект — заң білімін дамытудағы жаңа мүмкіндік

Жасанды интеллект қазіргі қоғамның көптеген саласына еніп, білім алу...

Кому положена поддержка

С 1 ЯНВАРЯ 2027 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ИЗМЕНИТСЯ ПОРЯДОК...

Ыбырай Алтынсарин – білім мен ізгіліктің шамшырағы

2026 жылы қазақтың көрнекті ағартушысы, ұлы педагог, жазушы Ыбырай...

Мемлекеттік тіл – қоғамның рухани тірегі және кәсіби мәдениеттің көрсеткіші

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысын айқындайтын, тарихи жады мен...