Алматы облысы бойынша ҚАЖД Денсаулық сақтау басқармасымен проблемалық мәселелерді талқылады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде ҚАЖД бастығының орынбасары төрағалығымен, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, мамандандырылған прокурордың, ҚАЖД қызмет бастықтарының, сондай-ақ мекеме бастықтарының және олардың орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен мекемелердегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Дөңгелек үстел барысында ведомстволық бағынысты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға медициналық көмек көрсету кезінде туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Мекеме басшылары мен Департамент қызметтері сотталғандар мен олардың туыстарының өзекті өтініштері мен шағымдарын және оларды шешу жолдарын көтерді.

Денсаулық сақтау дәрігерлерімен штаттық жасақтау, мекемелердің дәрігерлік амбулаторияларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж сотталғандарға кеңес беру, диагностика және емдеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, арнайы медициналық комиссияның куәландыруына жататын ауыр науқас сотталғандардың құжаттарын уақытылы ұсыну мәселесі шешілді. 

Кеңес қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау басқармасымен және мамандандырылған прокуратурамен бірлесіп, проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар, медициналық қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін шешімдер кешені әзірленіп, қысқа мерзімде бар кемшіліктер жойылатын болады..

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...