Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын «GE Signa Voyager» магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен орнатылды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева бұл қызмет түрі облыс тұрғындары үшін МӘМС шеңберінде тегін көрсетілетінін атап өтті.

  • Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады. «Дені сау ұлт» жобасы аясында сатып алынған 3 МРТ аппараты халық тығыз орналасқан аудандарға орналастырылды. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары МРТ түсу үшін Алматы қаласына баратын. Бүгінгі күні пациенттер диагностикалық қызметтердің барлық спектрін МӘМС шеңберінде ала алады, — деді Лейла Серікбаева.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өтті. МРТ аппараты — миды, мойын тамырларын, мойынның жұмсақ тіндерін, омыртқа мен жұлынды, сүйек-буын жүйесін, іш қуысы мен жамбас мүшелерін, кеуде қуысының мүшелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...