Алматы облысының № 57 мекемесіне ҚБК және ҚАЖК өкілдері барды

Алматы облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссия төрағасы Ардақ Жанабилова және ҚР ІІМ ҚАЖК сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс Басқармасының бастығы Бибігүл Мұнайтпасова Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемесіне барды.

ҚБК және ҚАЖК өкілдері мекемедегі сотталғандардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, әкімшілік ғимаратты, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді және өндірістік аймақты аралап шықты.
Аймақтарды аралағаннан кейін, Ардақ Жанабилова жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдады.

«Заречный кентіндегі №57 мекемеге барған кезде сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Азаптау фактілері және ар-намысты қорлайтын басқа да шағымдар анықталған жоқ. Сапар қорытындысы бойынша мен ұсыныстар бердім», — деп атап өтті ҚБК төрағасы Ардақ Жанабилова.

Сонымен қатар, ҚБК және ҚАЖК өкілдері РМКФ «Еңбек-Жауғашты» тігін цехында өндірілетін сотталғандарға арналған арнайы киімдердің сапасы және сотталғандардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексерді.

«Алматы облысы және Жетісу облысының мекемелеріне ҚБК, ҰАТ және басқа да құқық қорғау ұйымдарының келуі тұрақты негізде өтеді, бұл өз кезегінде мекемелердегі ашықтық пен заңдылықты көрсетеді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...