Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне футболдан турнир өткізді

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановты еске алу үшін Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №49 мекеме футболдан турнир өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №49 мекеменің ұйымдастыруымен, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының қолдауымен, қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға футболдан турнир өткізілді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті командасы қатысты.

Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы директорының орынбасары Сұлтан Шадман Өмірбекұлы және ҚАЖ Департаментінің басшылығы болды.

«Ерлікпен қаза тапқан Ербол Ержановтың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс — шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.

Турнирде бірінші орынды Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті, екінші орынды №10 мекеме және үшінші орынды №12 мекеме командалары иеленді.

Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...