12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысының колониясына тыйым салынған заттар өткізбек болды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген бандероль ішіндегі шелпектерден тыйым салынған заттар анықталды.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде шелпек ішінен скотчталған жеті орам табылған. Олардың ішінен екі ұялы телефон, қырық дана ақ түсті белгісіз дәрілер, құлаққап, зарядтағыш құрылғы және алты дана «насвай» бумалары табылып, тәркіленді.

Тыйым салынған заттарды бандероль арқылы жіберген адам анықталды.

«Аталған деректер бойынша, Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген белгісіз дәрілерді анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды»,- атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, жазаланатын әрекет болып есептеледі.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...