Алматы облысында 8 жастағы бала ВИЧ-тен қайтыс болды

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы (ары қарай – ЖИТС орталығы) келесі мәліметтерді ұсынады:
2014 жылы туған ұл мен оның ата-анасы АИТВ инфекциясымен 2016 жылдан бері ЖИТС орталығында есепте тұрады. 2018 жылы туған қызда 2019 жылы АИТВ инфекциясы анықталған.
Баланың ата-анасы өздерінде АИТВ инфекциясының болуын жоққа шығарды, дәрі-дәрмек қабылдаған жоқ, ЖИТС орталығының дәрігерлерінің балаларды динамикалық бақылауына және емдеуіне кедергі келтірді.
Дәрігерлер Қарасай ауданының прокуратурасына, ювеналдық полицияға және білім бөліміне осы жағдай бойынша хабарлаған. Екі баланы 3-6 айға отбасынан алып, дәрі тағайындау үшін 2023 жылдың қараша айында жоғарыда аталған органдар мен дәрігерлердің қатысуымен аудан әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия құрылды. Алайда ата-аналардың үзілді-кесілді бас тартуынан және олардың диагноз туралы дәрігерлік құпияны жария еткені үшін сотқа береміз деген шағымынан кейін комиссия балаларды отбасынан алуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
2024 жылдың 9 қаңтарында баланың жағдайы күрт нашарлап, сол күні Алматы қалалық №2 балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, 24 қаңтарға дейін ем қабылдаған. Бала 2024 жылдың 24 қаңтарында ауыр жағдайда жедел – жәрдеммен Қарасай көпсалалы клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Алматы қалалық №2 балалар ауруханасына жатқызылған кезде ата-анасы баланың АИТВ-статусын жасырып, ЖИТС орталығының дәрігерлеріне жағдайының нашарлауы және ауруханаға жатқызылуы туралы хабарламаған.
Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 2024 жылдың 27 қаңтарында бала ауыр иммундық тапшылығы фонында сепсистен, пневмониядан қайтыс болады.
Қазіргі уақытта екінші бала мен анасы 2024 жылдың 26 қаңтарында амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы ем қабылдауды бастады. Әкесі емдеуден бас тартуды жалғастыруда.
Заңда АИТВ-инфекциясын мәжбүрлеп емдеу қарастырылмаған.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...