Алматы облысында әйелдер колониясына ер адам ішімдікпен телефон лақтырмақ болған

«Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеменің қызметкерлері, өткізілген іс-шара барысында, алкогольды ішімдікпен телефондарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған түйіншекпен 0.5 литрлік екі дана бөтелке табылды. Түйіншек ішінен, 4 дана ұялы телефон және спирт иісі бар 1 литр көлемінде сұйықтық тәркіленді.

«Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Іле аудандық полиция бөліміне жіберілді. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның бұрын сотты болғаны да белгілі болды»,- деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...