Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

Бүгін Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханада 22 ақпан күні дүниеге келген үшемдер үйіне шықты. Аталған перзентханада екі ұл бір қызды өмірге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды. Ақмарал үшемдерден өзге үш баланың анасы. Балалардың үлкені 8 жаста.
Үшемдердің үлкені Қаракөз 2460 гр, Садық 2100гр, Сыдық 1820 гр салмақпен туған. Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухана директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Индира Кабаева әйел жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.

  • Үшемдерді анасы жүктіліктің 36 аптасында босанды. Жалпы үшемдерді бірден босану ана мен бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты,- деді Индира Кабаева.
    Көпбалалы ана атанған Ақмарал Айдар өз кезегінде дәрігерлерге алғысын білдірді.
    -Аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында үшемдерді аман-есен босандым. Біз үшін үшемдердің өмірге келуі үлкен қуаныш, — деді Ақмарал Айдар.
    Сонымен қатар аталған аурухана директорының орынбасары Индира Кабаева үшемдерге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
    -Қарасай ауданында 2023 жылы өмірге келген алғашқы үшемдердің күтіміне тұрғылықты жерінде орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстап, балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз, — деді ол.
    Айта кетейік, Қарасай ауданында 2022 жылы 2 үшем дүниеге келген болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар негізінен Қазақстан Республикасының...

Исполнительная надпись под пристальным вниманием

В ПОСЛЕДНИЕ МЕСЯЦЫ ИНСТИТУТ НОТАРИАТА ВНОВЬ ОКАЗАЛСЯ В ЦЕНТРЕ...

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілген екі тағылым ордасы ашылды

Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, белгілі ғалым, педагог-жазушы және қоғам...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері ымдау тілін үйрену бойынша оқудан өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент қызметкерлері мен...

Әділдіктің айнасы – сот жүйесінің кәсіби мерекесі

24 маусым – еліміздегі судьялар және сот қызметкерлері күні....