Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері ерекше көрме ұйымдастырды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаменті, мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар өндіретін бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды.

Көрме Қонаев қаласының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының базасында ағымдағы жылдың 5-13 сәуір аралығында өткізілуде.

Алматы облысымен Қонаев қаласының тұрғындары сотталғандардың эксклюзивті және қолдан жасалған бірегей бұйымдарын көріп, сондай-ақ оларды өндірушілерден тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар, қонақтар колонияның өнеркәсіптік аймақтарында өз бизнесін ашу туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.

«Аталған іс — шараның негізгі мақсаты Алматы облысы бойынша және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерінде шағын және орта бизнес ашу үшін кәсіпкерлерді тарту болып табылады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы, Департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Сандуғаш Ереулиева және мекеме қызметкерлері көрмеде колонияларда өндірілетін өнімнің мүдделерін білдіріп, колонияның өнеркәсіптік аймақтарында бизнес ашу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік ҚАЖД-ға 6 мекеме ведомстволық бағынысты, оның 4-уі Заречный кентінде және 1-уі Алматы облысының Жауғашты кентінде, тағы 1-уі Талдықорған қаласында орналасқан.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...