Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінің жеке құрамы арасында төтенше жағдайлар кезінде сүйемелдеу және ұйымшылдықты нығайту мақсатында «Мен саған сенемін» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг барысында қызметкерлердің бір-бірлеріне сену, қиын сәтте қолдау, сақтық сезімін арттыруға арналған кешенді жаттығулар жинағы өткізілді. Сонымен қатар, тәжірибесі бар мамандар жас мамандарға қысыл таяң кезінде орын алған жағдайдан
дұрыс шығу туралы оз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара мақсаты орындалды.


