Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді


Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді.

Енді мекемеде халықаралық стандарттарға сай заманауи тәсілдер қолданылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы артып отыр. Осы тұрғыда аймақта алғаш рет иық буынын эндпротездеу отасы жасалды. Бұл ем өңір тұрғындары үшін МӘМС жүйесі арқылы қолжетімді болып отыр. Тың әдіс тұңғыш рет еңбекшіқазақтық тұрғынға қолданылды. Саймасай ауылының азаматы 1,5 жыл бұрын сатыдан құлап, иығын ауыр жарақаттап алған. Оқыс жағдайдан кейін қолын қозғалту қиындап, буын артрозына шалдығыпты. Талай уақыт бойы дерті жанына батқан науқас 2022 жылдың желтоқсан айында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығының дәрігерлеріне жүгініп, қажетті көмек алыпты.
«Тексеруден өткізгеннен кейін науқасқа оң жақ иық буынының 4 дәрежелі деформациялық артрозы деген диагноз қойылды. Оның сақтандыру мәртебесі болғаннан кейін жергілікті жеріндегі емханадан бізге жолдамамен келді. Сондықтан біз оған МӘМС шеңберінде оң жақ иық буынының реверсті эндопротездеу отасын тегін жасадық. Мұндай операция бұрын соңды тек Астана, Алматы қалаларында жасалса, қазірде бұл жоғары технологиялық әдіс Алматы облысының тұрғындарына да қолданылып жатыр. Бүгінде тек біздің аймақтан ғана емес, өзге өңір адамдары да келіп, ем қабылдауда», — деді Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталғының бас директоры Ерсін Жүнісов.
Қазіргі таңда науқастың отадан кейінгі жағдайы қалыпты. Жоспарға сәйкес, оңалту шараларынан өтіп жатыр. Жалпы, иық буынының эндпротездеу отасы Қазақстанда сирек жүргізілсе, Алматы облысында алғаш рет жасалып отыр.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...