Алматы облысында тізе буынына ота жасалды

Алғаш рет Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында артроскопиялық менискэктомия отасы жасалды. Бұл әдіс минималды жарақат дәрежесі бар инвазивті хирургия болып табылады. Бұл тізенің қозғалғыштығын жақсартуға, сондай-ақ басқа тәсілдермен мүмкін болмаған жағдайда дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Бұған дейін аталған жедел араласулар қалалық медициналық мекемелерде жүргізілген, енді артроскопиялық менискэктомия Қарасай ауданының азаматтарына қолжетімді.
«1970 жылы туған әйел бізге тізе буынындағы ауырсыну туралы шағымдармен келді. Оның айтуынша, алты ай бұрын ол сәтсіз құлап, жарақат алған. Нәтижесінде ол аяғын жерге баса алмай қалған. Біз тізе буынының рентгенографиясы және магнитті-резонанстық томографиясын (МРТ) жасау арқылы анықтадық.
Диагноз қойылғаннан кейін науқасқа эндоскопиялық кешенді қолдану арқылы хирургиялық аз инвазивті араласу ұсынылды», — дейді Қарасай КМЦРБ ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жамбыл Қыдыралиев.
Айта кетейік, ота сәтті жасалып, науқас толыққанды белсенді өмірге орала алады.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...