Алматы облысында сотталғандар Наурыз мейрамын атап өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №49 мекемесінде сотталғандар арасында мерекелік іс-шара өтті.

Мереке барысында, «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Қол күрес» және «Гір көтеруден» жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақша күресте жастар арасында әлем чемпионы Бекнұр Тәңірберген және Азия призеры Қазақстан Республикасының жастар арасында чемпионы Алимтай Кошкулов төрелік етті. Мереке соңында Талдықорған қаласының мәдениет басқармасының әншілерінің қатысуымен, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шараға белсене қатысқан сотталғандарға сыйлықтар табысталып, Наурыз көже таратылды.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...