Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүріп жатыр

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Алматы облысындағы жобасы аясында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмысын бастады.

Профилактикалық жұмыстың міндеттерінің қатарында халықтың дінтану сауаттылығын арттыруға, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, дін саласындағы мемлекеттік саясатты және халықтың қалың жігі арасында зайырлы мемлекеттің негіздерін түсіндіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Тартылатын мамандардың қатарында теология және дінтану мәселелерінде елдің ғылыми-сараптамалық қоғамдастығын білдіретін көптеген танымал және беделді тұлғалар бар, олар: Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханов, белгілі исламтанушы, PhD доктор Алау Әділбаев, дінтанушы Руслан Сәрсембаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану орталығы директорының орынбасары Алмасбек Шағырбай және практик-маман Алматы қаласы кеңес беру және оңалту орталығының теологі Нұржан Қалиев.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен жоспар шеңберінде 15-19 мамыр аралығында халықтың әртүрлі санаттарын қамтитын 20-ға жуық профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Айта кету керек, Алматы облысында осы бағыт бойынша профилактикалық жұмыс жергілікті атқарушы органдардың желісі бойынша да тұрақты түрде жүргізілуде.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...