Алматы облысында бизнесмендерден жарнамаға заңсыз салық алған

Алматы облысында кәсіпкерлерден жарнама салығы заңсыз өндірілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокурорлар мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен жарнамаға заңсыз салық алу деректерін анықтады. «Жарнама туралы» заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және онда маңдайшалар қамтылмағаны атап өтілді.

«Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінде жарнаманың болуы туралы мәліметтерді фискалдық органдарға жіберген, оның ішінде бұл тізімге маңдайшалар да енгізілді. 220 кәсіпкерге қатысты осындай заңбұзушылықтарға жол берілді, прокуратураның енгізілген қадағалау актісі бойынша бүгінде 60-тан аса кәсіпкерге заңсыз төленген сомалар артық төлем түрінде дербес шоттарға қойылды», — делінген хабарламада.

Прокуратура «Жарнама туралы» Заңның 11-бабы 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жарнамаға қолданылмайтынын және олар үшін салық төлемдері алынбайтынын түсіндірді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...