Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинекология бөлімінің базасында пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі. Біздің мамандар Алматы облысында тәжірибеге бірегей әдісті енгізіп қана қоймай, оны өңір тұрғындары үшін қолжетімді ете алды.
Пренатальды диагностика – ұрықтың хромосомалық патологиясына күдік болған кезде пренатальды кариотиптеуді жүргізу үшін ұрық материалын (хорионбиопсия, амниоцентез, кордоцентез) алу мақсатында ультрадыбыстық бақылаумен жүргізілетін жатырішілік операция.
Инвазивті зерттеу әдістері хромосомалық ауруларды, хромосомалық ауытқуларды, сондай-ақ моногендік ауруларды анықтау үшін ұрық материалын алу мақсатында генетик дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
«ДДҰ мақұлдаған инвазивті диагностикаға жіберудің стандартты көрсеткіштері келесі талаптарды қамтиды — жүкті әйелдің жасы 35 жастан асқан болуы керек, жүктіліктің алғашқы апталарында кем дегенде 2 өздігінен түсік болуы, отбасында баланың Даун синдромы болуы, бірнеше туа біткен ақаулар, хромосомалық патологияның жоғары қаупі анықталған инвазивті емес сынақтардың нәтижелері және биохимиялық немесе ультрадыбыстық маркерлер. Мұндай диагностиканың мерзімі тоғызыншы апта мен жиырма бірінші апта аралығында жасалады», — дейді гинеколог Риза Берікқызы.
Айта кетейік, инвазивті әдістер ұрықтың жасушалары мен тіндерін және провизорлық мүшелерді (хорион, плацента) алуға мүмкіндік береді. Материалды алу ультрадыбыстық бақылаумен трансабдоминальды түрде (іш қабырғасы арқылы) жүзеге асырылады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...