Алматы мектептерінде соңғы қоңырау мен бітіру кеші қашан болады?

Алматы қаласының Білім басқармасы қала мектептеріндегі соңғы қоңырау және мектеп бітірушілер күні қашан, қандай форматта өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматы мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді. 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Соңғы оқу күнінде жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізіп, оқу күнін сынып сағатымен аяқтайды.

«Біз Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз», — деп толықтырды қалалық білім басқармасының өкілі.

2022-2023 оқу жылы 28 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды және 14 мыңнан астам түлек 11-сыныптарды бітіріп жатыр.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.